Сауда министрлігі дүкендерге арналған жаңа ережені түсіндірді

Oinet.kz 23-10-2025 54

Сауда және интеграция бірінші  вице-министрі Айжан Бижанова Алматыда онлайн және офлайн сауда саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ Republic Day акциясына дайындық барысы талқыланды. Соның ішінде сауда-саттық барысында қос баға қолдану мәселесі көтерілді. 

Screenshot_1.jpg10 қазанда сауда және интеграция министрлігі әзірлеген ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер баға белгілеудің ашықтығын арттырып, тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Акциялар, жеңілдіктер немесе тауарды бөліп төлеу сынды жағдайларды қоспағанда, сатушы тек бір бағаны көрсетеді.  

"Егер бөліп төлеу компанияның өзінен ұсынылса, белгісде екі баға – тауардың нақты құны және бөліп төлеу кезіндегі құны көрсетілуі тиіс. Бұл тұтынушыға тауардың өзін қаншаға сатып алып жатқанын және бөліп төлеу мүмкіндігі үшін қанша қосымша төлем жасайтынын  түсінуге мүмкіндік береді", – деді Айжан Бижанова.

Аталған норма, әсіресе, қымбат тауарлар  автокөліктерді, массаж креслоларын, зергерлік және бағалы аң терісінен жасалған бұйымдарды, тұрмыстық техниканы және өзге де тауарларды сату кезінде маңызды. Бұл жағдайда сатушы бөліп төлеу бойынша барлық тәуекелді өз мойнына алады және оларды тауар бағасына енгізуге құқылы.

Ал тауарлар екінші деңгейлі банктермен біріктірілген электронды сауда алаңдары (маркетплейстер) арқылы сатылса, онда бөліп төлеуді сатушы емес, банк өз қаражаты есебінен ұсынады. Бұл жағдайда банк пен сатып алушы арасында қарыз шарты жасалады.

Мұны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) реттейді, ал несиелік шарт барлық пруденциялық талапқа сай болуы тиіс. Осылайша жаңа ережелер тек сатушылардың өздері бөліп төлеу шарттарын ұсынатын жағдайларға қолданылады және маркетплейстер арқылы рәсімделетін банк несиелеріне қолданылмайды.

Сонымен қатар кездесу барысында маркетплейстердің комиссиялары мен қызметтер тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен өзара әрекеттесу мәселелері де талқыланды.

Ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеріле ме? - Жұманғариннің жауабы
Алдағы бес жылда 2,5 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу