Илья Ильин шаңырақ көтерді

Oinet.kz 13-01-2023 556

image.png

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин үйлену тойын дүркіретіп өткізді, хабарлайды Stan.kz.

Десе де, спортшы бұл туралы жария етпеді. Қалыңдығы да желіде күйеу жігітінің кім екенін жасырып қалды. Неке қию рәсімі 12 қаңтар күні елордадағы салатанат сарайында өтті. Олимпиада чемпионы әртүрлі салалардағы бірқатар жобаларды басқаратын кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен бас қосты.

“Шексіз бақыт пен әлемдегі ең мықты ер азаматқа “иә” дедім”, – деп жазды Татьяна Гордиенко.

Спортшы бұған дейін гандболшы Наталья Кулаковаға үйленіп, 2017 жылы ажырасып кеткен болатын. 

Screenshot_3.png


Ақментай Есбаев ақыры қызметтен кетті
Алматы орталығындағы су құбыры неден жарылғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу