Қасқасуда 17 демалыс орны бар

Oinet.kz 10-04-2024 113

image.png

Тәңір сұлулығын аямаған өңірдегі Қасқасу аңғары  мен өзен маңында туристерге арналған демалыс орындарының саны да сапасы да артып келе жатқандығы қуантады. Солардың бірі  «ALTYN BULAK KASKASU» демалыс орны.  Көрсең көзің тоятын табиғат аясында еректерге және балаларға арналған жеке бассейн, сауна, бильяр, караокесі бар ағаштан жасалған  үйлер орналасқан. 

image.png

Қасқасу ауылдық округінде  инвестициялық құны 200 миллион теңгені құрайтын тағы бір керемет демалыс кешені туристерге сапалы қызмет көрсетуде. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрап, 7 жаңа жұмыс орындары ашылған.  Жайдары жазда ғана емес жылдың өзге де мезгілінде қонақтарды қабылдауға дайын бұл демалыс орнының ерекшелігі  Қасқасу шатқалының тылсым, жұмбаққа толы тасы мен шатқалдарын көзбен көріп, серуендеуге мүмкіндік бар.  Тамаша табиғат аясы фотосессия жасауға өте ыңғайлы.  

Қазіргі таңда туризмі жолға қойылған   бір ғана Қасқасу ауыл округінде 17 демалыс орны келушілерге қызмет көрсетуде. 

Орталық Азиядағы ең бақытты ел
Төлебиде туристер санын 80500-ге жеткізу көзделген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу