Әскерге аттану да ақша тұра ма?

MQ18Gv0YIVjApVuHuRf3VfvU.jpg


Әбдез РАХМАНҰЛЫ,

«Хабар» агенттігінің  меншікті тілшісі:

Кеңес одағы кезінде әскерге барудан қашатындар болушы еді. Бүгінде кейбір пысықайлардан « 500 доллар берсең әскерге аттануға жол ашылады» дегенді құлағымыз шалып қалады.  Осындай ақпараттар түрткі болған шығар, біраз уақыт бұрын ауыл жақтан өзім қатты сыйлайтын бір көкем жұмысқа іздеп келді. «Сенің абырой-беделіңді пайдаланып, немеремді әскерге жіберейік. Болмаса, бір тананың ақшасын берсең бәрін өзі тындыратын адамға жолығайын » дейді көкем. Қасына ертіп алған немересі жоғарғы оқу орнын  тәмамдағаннан кейін қалайда әскерге баруға белін бекем буғаны байқалады. Бірақ әскери комиссариаттағы медициналық комиссия «денсаулығың жарамайды» депті. Не керек, көкемнің көңілін қимай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке өтінішпен бардым. Қалыңдығы шынашақтай кітапшаны әкеліп көрсетті. Інім расында да әскерге жарамайтын майтабан екен.

Abdez-RAKHMANULY-600x480@2x.jpg

Дей тұрсақ та әскерге барудың амалын таппай жүргендердің барлығы бірдей денсаулығының жарамсыздығынан деуге бола ма? Мұны неге айтып отырмыз? Анау-мынау емес білдей подполковник, Түлкібас аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы 40 мың теңгеге әскери билетті саудаға салу үстінде құқық қорғау органдарының құрығына ілікті. 


Сейіткәрім АРАПБАЕВ,

ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бірінші орынбасары:

Мен заңды білмей, нақты айғаққа сүйенбей қоғамдық пікір туғызатындарға ренжимін. Ондайлар сырттан тон пішіп алып, соның жетегінде кетеді. Пара сұраған адамды айтсын бізге. Сыпсың сөздің түп-төркінін тексеріп көрсең «анау айтты, мынау айттымен» әңгіме бітеді. Рас, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте бір оқиға болған. Жастарды әскерге шақыратын науқан кезінде әкімдіктегілерге ақысын төлеп, техникалық қызметкерлерді жұмысқа шақырамыз. Солардың біреуі «ақша берсең әскерге аламыз» деп әлдекімдермен байланысқанын анықтадық. Теріс қадамға барған әлгінің мәселесі майшаммен қаралды. Бірақ, ол әскери комиссариаттың қызметкері емес.

1444110672.JPG

Бүгінде әскерге шақырылатындарға қойылатын талап көп. Жоғары білімі, мықты денсаулығы, психологиялық жағдайы ескеріледі. Әскери бөлімшеден жас  сарбаздарды алып кетуге келген өкілдер бізден бөлек тағы да таңдау жасайды. Олар біразын жарамсыз етіп шығарады. Өйткені ертеңгі сарбазы нағыз ержүрек, шыдамды азамат болғанын қалайды. Ертең сарбаз үшін жауап береді, сол офицер. Егер де бізден аттанған сарбаздың денсаулығы әскери бөлімде жүргенде сыр берсе, таяқтың бір ұшы бізге келіп тиетіні бар. Сондай жағдай, сол таяқ бізге керек пе? Біз  оны қалап отырғаным жоқпыз. Қысқасы «пара берсең әскерге жібереді» деген қауесет сөз. Оған сенудің қажеті жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Чернобыль апаты» АЭС жарылысы
  • Әскери ант мәтіні
  • Қазақтың жауы Ресей де, Қытай да, Бұхар да емес...
  • Неге шошқа етін жеуге болмайды?
  • «Телефон бар, телефон... Арзан бағада телефон»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика