«Оңтүстікте» қағаз шығады

Oinet.kz 03-10-2022 192

image.png

Шымкенттің экономикасы мен кәсіпкерлік саласын өрге сүйреп келе жатқан  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Хлопкопромцеллюлоза» атты компания жұмыс істеп жатыр. Бұл кәсіпорын – Қазақстандағы мақта целлюлозасының, карбоксиметилцеллюлозаның және полианионды целлюлозаның жалғыз өндірушісі.

2010 жылдан бастап жүзеге аса бастаған жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 4 миллиард 480 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 5 мың тонна мақта целлюлозасын, 6 мың тонна карбоксиметилцеллюлозаны және полианионды целлюлозаны өндіруге жетеді.

Айта кету керек, компанияның өнімдері Ресейге және өзге де ТМД елдеріне сәтті экспортталады және оқ-дәрі өндірісі, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика, сондай-ақ құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруде кеңінен қолданылады.

Мұнан бөлек «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «QAGAZ Ordasy SEZ» жауапкершілігі шекутеулі серіктестігі де жұмыс істеп жатыр. Бұл – Оңтүстік өңірдегі А3, А4 форматтарындағы кеңсе қағазын өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыттың өндірістік қуаты жылына А4 кеңсе қағазының 3 миллион бумасын және А3 кеңсе қағазының 360 мың бумасын шығаруға жетеді

Ал, «АГФ Групп» ӨК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – аты әлемге әйгілі «IKEA» сауда белгісінің Қазақстандағы ең ірі серіктесі. 2021 жылы кәсіпорын қосымша тігін цехын салып, өндіріс ауқымын кеңейтті. Аталған жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 751 миллион теңгені құрайды. Жаңа кәсіпорында 235 жұмыс орны құрылған. Осылайша зауыт жылына 20 млн дана тоқыма бұйымдарын шығаратын деңгейге көтеріліп отыр.

Қазақстандағы жалғыз шұлық фабрикасы да осы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Оны «Әлем БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашқан. Аталған фабриканы ашу үшін компания 1 милиард 800 миллион теңге инвестиция құйған. Бұл фабрикада бүгінде 150 адам талмай еңбек етіп, жоғары технологиялы өндірістік жабдықтар мен толық автоматтандырылған өндірістік циклдың арқасында жылына 16 миллион жұп шұлық тоқып, сатып жатыр.

«Оңтүстік» АЭА-да 31 кәсіпорын жұмыс істеуде
Кәсіпорындар мекені және тәжірибе алаңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу