Ерекше жобаны қолға алды

Oinet.kz 04-10-2022 258

Screenshot_3.png

Кәсіпкерлік – жаңашыл іс, ша­р­уашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі. Кәсіпкер еңбегін өнертапқышқа баласақ, бұл талаптарға жауап бере алатын лайықты әлеуметтік топтың жас­тар екені де даусыз. Бүгінгі жастар бірнеше тілді меңгеруімен, заман­ауи компьютерлік бағдарламаларды жасауға, жаңа технологияларды игеруге шапшаң бейімделуімен ерекшеленеді. Қазақстан тұрғын­дарының төрттен бірі жастар санатына жатқызылады. Демек, олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту – стратегиялық міндет болып саналады. Президенттің  тікелей қолдауымен елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуға тиісті жағдайлар жасалынуда. Еліміздің аймақтарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылып, онда кез келген адам «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлікті жүргізуге қатысты қажетті ақпараттық және тәжірибелік кеңестер, көмектер ала алады.

 Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы да жастар жаңа идеяларын бизнес-жоспарлары арқылы дәлелдеп, оны іске асыру үшін мемлекеттен гранттық қаржыландыру көмегін алуға мол мүмкіндік бар және ол жұмыс жүзеге асырылып та отыр.Сонымен қатар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы да талай жастар қанаттанды. 

Солардың бірі Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Дәуіржан Жолдас ерекше жобаны жүзеге асыруда. Ол осы жылы 29 жасқа дейінгі жастар санатымен мемлекеттік гранттың бірінші легіне  қатысып, арнайы комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғап, нәтижесінде көлемі 400 АЕК грантты жеңіп алған. Тиісті қаражатқа ультракүлгін сәулесі орнатылған екі жиынтық құрал және фототерапиялық сәулелендіргіш сатып алған. Қазір жас маман аталған аппараттармен сары ауруға  шалдыққан сәбилерді емдеп жүр. 

«Мамандығым - фельдшер. Шымкент көпсалалы колледжінің түлегімін. Бұл аппараттарды балалары сары ауруға шалдыққан ата-аналарға жалға беремін. Яғни, өзім барып, қосып, қалай қолдану керектігін үйретемін. 5-6 күн қолданады. Сары ауруды ультракүлгін сәулесімен емдеу медицинада дәлелденген.  Бұндай жоба Шымкентте енді қолға алынып келе жатыр. Ерекше жоба деуге болады” - дейді Дәуіржан Жолдас.

Айта кетейік, Шымкентте бірінші лек  бойынша 226 азаматқа мемлекеттік грант тағайындалған. 

Алақандай жерден табыс тауып отыр
Насихат бар жерде жұмыс бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу