Хоббиін кәсіпке айналдырды

Oinet.kz 04-10-2022 332

image.png

Шымкенттік Камшат өткен жылы 29 жасқа дейінгі санат бойынша 583 мың теңге мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін бастағандардың бірі. «2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына қатысып, бизнес жобасы мақұлданған Камшат грант қаржысына кондитерлік өнімдерді дайындауға қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Қосымша өз қаражаты есебінен де қажетті заттарын түгендеп, бүгінде тапсырыспен кондитерлік тәттілер дайындап, саудалауда. Заман талабына сай әлеуметтік желілер арқылы да тұрғындардан тапсырыстар қабылдап отыр.

- Менің негізгі мамандығым - мұғалім. Бірақ мамандығыммен көп жұмыс істеген жоқпын. Кондитерлік өнімдер дайындау хоббиім десем де болады. Сол хоббиді нақты кәсіпке айналдыру туралы көп ойландым. Тәуекелге бел буып, мемлекеттік грантқа өтінім бердім. Жобамды қорғап, нәтижесінде маған грант қаражаты тағайындалды. Өкінбеймін. Тәттілерге тұрғындардың сұранысы жаман емес,- дейді грант иесі.

Айта кетейік, «2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы».  Ұлттық жоба бүгінде көптеген азаматтарға демеу болып, іс бастауға, кәсіпкер атануға септігін тигізуде. Ал мұндай кәсіпкерлер қатарының артуы шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашуда. Жобаға қатысушылар алдын-ала мамандандырылған оқудан немесе жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын арнайы оқу курстарда (оның ішінде «Атамекен» палатасында) кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтуі қажет; оқу аяқтағаны туралы сертификат алғаннан кейін, қатысушылар болашақ қызметінің, кәсіп-жобасын қорғауға міндетті; өз кәсібін бастауға арналған бастапқы капитал ретінде, сәтті қорғалған адамдарға өтеусіз мемлекеттік грант беріледі; бір жыл ішінде жаңадан бастаған кәсіпкерді, аймақтық кәсіпкерлер палатасы қадағалап, кәсіптік-жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.

Мемлекеттік грант - кәсіпті дамытуға арналған несие емес екенін, есте ұстаған жөн. Оны қайтарудың қажеті жоқ, пайыздарды төлеу қажет емес. Ақша бөлудің бірден-бір шарты – қаражатты, өз ісін ұйымдастыру мақсаттына пайдалану. .  Гранттар - тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.

Мемлекеттің қолдауын сезінді
Кәсіпкерлік қанат жайған қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу