Білім сапасы басты назарда

Oinet.kz 05-10-2022 340

image.png

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жеке мектептер санын көбейтуге көп көңіл бөлінуде. Жеке мектептер санын көбейту мемлекет үшін, бұл - бюджетке түсетін жүктемені төмендету, орын тапшылығын азайту, білім беру сапасын жақсарту, педагог мәртебесін арттыру, ал инвестор үшін,  бұл - тұтыну кепілдігі бартабысты әрі ұзақ мерзімді бизнес жоба.Бүгінгі таңда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында жеке меншік мектептерге сұраныс артқан. Жеке мектептер құрылысы инвестордың қарадаты есебінен жүргізіледі. Мектеп құрылысына қаржы салған инвесторға жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы мемлекет әр оқушы үшін ақша төлейді. Сөйтіп 8 жылда ол инвестициялық шығындарын шығарып алады. Бұл екі жаққа да жақсы мүмкіндік. Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастырумен шектелмейді. Сондай-ақ жаңадан енгізілген жекеменшік мектептердегі әр оқушыға мемлекет қолдау көрсетеді. Жеке инвесторға қойлатын талап ол мектептің мақсатын өзгерте алмайды. Сонымен қатар ата-аналар төлемін, оның ішінде балаға жайлы жағдай ұсынғаны үшін төлем алу құқығы қалады.   

Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білім  беру сапасы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің жіті бақылуында. Жақында  шаһар басшысы  Тұрандағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды.  Білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда. 

Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған. 

Аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы: “Кәсіпкерлердің білім саласындағы  инвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз”,-деді. 

Аталған білім ошағы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 301/3 ғимаратта орналасқан.  Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен Шымкентте 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті. 


Медицина нысандарының қатары артып келеді
«Стандарт» индустриалды аймағы ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу