Мыңнан астам жаңа кәсіпорындар ашылады

Oinet.kz 05-10-2022 187

 image.png

«Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты — айқын. Бұл — заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту». ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында  осылай деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   Қазақстанның алдағы экономикалық-әлеуметтік және саяси бағытындағы даму жолын белгілеп беріп, қордаланған проблемалардың шешу тетіктері мен алдағы жоспарларды айқындап,  шағын және орта кәсіпкерліктің мәселесіне айрықша тоқталған болатын.

Осы орайда үшінші мегаполисте экономиканы өрлететін, импорттық тәуелділікті азайтып, отандық тауарөндірушілерді қолдайтын бірнеше бағдарламалар мен жобалар қабылданып, сәтті жүзеге асырылуда.  Мәселен 2019-2020 жылдары үшінші мегаполисте 68 мың кәсіпкер мен 3,2 мың шағын шаруашылықтарға талдау және сауалнама жүргізілген. Соның нәтижесінде бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан қолдау қажет екендігі белгілі болды.  Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылы 50 пайызға жеткізу межеленгені белгілі.  Бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш Шымкентте 34 пайызды құрап отырды сала мамандары.

Осы ретте, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлер палатасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Іскер қала» деп аталатын өңірлік бағдарлама әзірлеп, ол қала әкімінің қаулысымен бекітілген.  Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Онда өндірісті дамыту үшін өндірістік парктер құру, сауда орындарын көбейту, ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету және жеңілдетілген несие бөлу секілді қолдаулар қарастырылған. Жергілікті әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы «Іскер қала» бағдарламасын іске асыру арқылы 3 жылда 13,3 миллиард теңге инвестиция тартуды, сондай-ақ 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруды және мыңнан астам жаңа кәсіпорындар ашуды межелеп отыр. Сол арқылы бюджетке жылына салықтан 103 миллион теңге кіріс түседі деп күтілуде.

«Карлскронаның» жоспары ауқымды
«Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу