«Қайнар майда» жаңа өндірістік парк құрылуда

Oinet.kz 08-10-2022 293

image.png

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы инфрақұрылымымен толық жабдықталған, бірақ жұмысы тоқтап тұрған «Қайнар май» ЖШС ірі кәсіпорынының базасында  жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде.  «Іскер қала» жобасы аясында қолға алынған парктің жалпы аумағы 4,3 га, ал, өндірістік алаңы 10 мың 500 шаршы метр құрайды.  Өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынның жұмысын іске асыру жоспарлануда.

Жалпы қалада өндірістік парктерді салуға жеке инвестиция көлемі 20 миллиард теңгені құрап отыр. Өндірістік алаңдардың аумағы жалпы 176 мың 700 шаршы метрді құрайды. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі осы 2022 жылдың соңына дейін 27 мың шаршы метрге 90 жоба тартып, инвестиция көлемі 4 миллиард 500 мың теңгеге, 450 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Екінші кезеңі 2022-2023 жылдар аралығында 103 мың шаршы метрді 345 жоба тартып инвестиция көлемі 17 миллиард 200 миллион теңгені құрап , 1725 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Үшінші кезең 2023 жылдың соңына дейін 49 мың шаршы метрге 160 жоба тартып инвестиция көлемі 8 миллиард теңгеге 800 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Нәтижесінде «Стандарт» жеке индустриалды аймағының аумағында шағын бизнестің 595 жобасы іске асырылады. Инвестиция сомасы 29 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 

«Іскер қала» өңірлік бағдарламасы аясында  парктерді тізімге енгізу үшін келесідей талаптарға сәйкес келуі керек: ғимараттың аумағы 3,0 мың м2 асу: инфрақұрылымының болуы; құжаттары заң талаптарына сәйкес болуы; 5 жыл бойы жалға алу құны өзгермеуі қажет.

«Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорындардың бойына осылайша қан жүгірмек. Бұл өз кезегінде қаламыздың экономикасының ілгерілеуіне, шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыссыздық мәселесін шешуге көп көмек қолын созбақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының бірі экономиканы дамыту болатын. Осы бағытта Шымкент қаласында толымды тірліктер атқарылуда. Соның бір көрінісі осы.

«Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды
Кәсіпкерлер бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу