Кәсіпкерлік саласында өсім бар

Oinet.kz 05-10-2022 212

image.png

Шымкент қаласында халық саны өскен сайын түрлі өнім, қызмет түрлеріне деген сұраныс та артуда. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлер сапалы өнім шығарып, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Жылдан-жылға халықта таңдау еркіндігі артып келеді. Себебі үшінші мегаполисте кәсіпкерлік нысандары көбейіп жатыр. Бұл үрдіс өз кезегінде кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, сапаның артып, бағаның түсуіне зор ықпал жасайды. Нәтижесінде, нарықта азулы нысандар қалады. Осы орайда қалада тек ірі кәсіпкерлерді емес, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда.

Үшінші мегаполисте қазіргі таңда 95,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның ішінде  заңды тұлғалар – 19,0 мың бірлік, жеке тұлғалар – 72,4 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,0 мың бірлікті құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 35,4 пайызға өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша өсу қарқыны жағынан бірінші орында, ал саны бойынша бесінші орында.

 Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының мәліметінше шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға өскен.

Ал үшінші мегаполисте  өнім көлемі бойынша  ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 317,3 миллиард  теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайызға артқан.

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2 пайызды құраған. Бұл көрсеткішті таяуда ғана қалаға іс-сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалаған болатын.  «Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткім келеді. Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған. Бұл қасиеттеріңіз – көпшілікке үлгі-өнеге. Халқымыз «Еңбек – ырыстың қазығы» деген. Мен адал еңбекпен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін», – деген  Президент ақжарма тілегін білдірген еді.

Инвесторларға үлкен қолдау бар
Шымкентте жарықдиодты шам­дар өндіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу