Ұлттық экономиканың дамуына үлес қосып отырған кәсіпорын

Oinet.kz 06-10-2022 191

image.png

 Әлем елдері әлдеқашан-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің экономика драйвері екенін ұғынған. Сондықтан да, өркениетті елдеріңіз әуелі осы шағындардың әлеуетін арттыруға мүдделі. Бүгінде азуын айға білеген шетелде шағын кәсіпкерлік арқылы өзін де, өзгені де жарылқай алатындай жағдайға жеткен кәсіпорындар. Қазақстан да бұл күні ірі кәсіпкерлікке ғана емес, шағын және орта бизнеске шындап бет бұрды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан ауқымды бағдарламалар қабылданып, қомақты қаржы-қаражат бөлініп отыр. Республиканың үшінші мегаполисі Шымкент қаласында да түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсіпкерлік саласы жанданып келеді.

Қалада кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген «Компания WDA» ЖШС қаладағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Бүгінде металл-пластикалық терезе мен есіктерге жаңа технология бойынша керек-жарақтар шығарады.

Қуаттылығы айына 30 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Аталған зауыт Түркияның қон­дыр­ғыларымен жабдықталған. Мұндағы тауардың ерекшелігі бе­ріктігінде. Әрбір деталі мен пі­шініне мән беріледі. Сондықтан болар, тың технология арқылы зауыт сапалы әрі төзімді өнім шы­ғаруда. Қажетті шикізат – отандық.

Бүгінде компания өнімі ең сапалы шикізаттардан дайындалады. Мұнда әбден тексерістен өткен материалдар қолданылады. Керек-жарақтар өндірісіндегі ең басты шикізат – мырыш. Оны KAZZINK компаниясынан алады. Ол Қазақстандағы және әлемдегі ең озық мырыш өндіретін кәсіпорын саналады. Серіктестік өнімі 100 пайыз отандық шикізаттан тұрады. Осылайша, «Компания WDA» ЖШС қазақстандық өндірушілерді қолдап, ұлттық экономиканың дамуына айрықша үлес қосуда.

Айтып өтейік, зауытта «Ұлттық сараптау және сертификаттау ор­талығы» аттестациялаған өз зертханасы бар. Аталған мекемеде сырт­тан әкелінген шикізаттардың тазалығына және керек-жарақтар шығару ісі мен дайын бұйымның сапасына жіті бақылау жүргізіледі. Зертхана соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, шығарылған өнімді қажетті деңгейде бақылап отыратын сынама стендтермен қамтамасыз етілген.

Бірегей жоба іске аспақ
«Тәтті» бизнес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу