Сүйікті ісін кәсіпке айналдырды

Oinet.kz 09-10-2022 230

image.png

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер грант иегері болып жатыр. Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Осы бағдарламалар арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артып келеді.

 Солардың бірі - Шымкент қаласының тұрғыны Бекжан Ерназаров.  Ол 2020 жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алып, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізген.  Сонымен қатар, өз ізденісінің нәтижесінде бизнес жобасын сәтті жетілдіріп, қыркүйек айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа ие болды. Жас шебер қазіргі таңда сандық шеберханасын ашып, тапсырысқа заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектелген сандықтарды, қыз-жасау және т.б заттарды жасауды қолға алған. 

Бекжан бұл шеберлікті өзі үйренген.  «Өзіме ұнайтын іспен айналысып, тапсырыс жасаушылардың көңілінен шығуға тырысамын. Әр қазақтың үйінде осындай ою-өрнегі бар сандықтардың болуы керек. Себебі сандықтың қазақ халқы үшін орны ерекше, сандықтың өзіндік киесі бар. Жиһаздың неше  түрі шықса да кәдімгі қазақтың сандығына ештеңе жетпейді. Әрине қазіргі заманға сай дизайнін өзгертіп, сәндейміз. Тапсырыстар түсіп жатыр. Жұмысым жүруде. Осы ретте біз секілді қарапайым тұрғындарға қолдау көрсетіп, өз кәсібін ашуға көмек беріп отырған мемлекетке, басшыларға алғысымды айтамын» дейді жас кәсіпкер.  Алдағы уақытта өз ісін дамытып, сапалы жиһаздарды жасауды да жоспарлап отыр.

«Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, нағыз жаза – жұмыссыз қалу шығар» дейді Қадыр ақын. Сондықтан қай-қайсымыз, әсіресе, жастар «жұмыс жоқ» деген сылтауды ысырып қойып, іздену керек, еңбектену қажет. Оның үстіне мемлекет жұмыссыздарға «балық орнына қармақ беретін» «2021-2025 жылдарға арналған кәсіперлікті дамытудың ұлттық жобасы» секілді бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Ендеше, қолыңнан іс келіп тұрғанда, күш-жігерің барда қолдауды барынша пайдалан!

Жиһаз жасау кәсібін ашты
«Дамудан» қолдау тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу