«Абай» саябағына көшеттер отырғызылмақ

Oinet.kz 09-10-2022 284

image.png

Шымкент саябағы көп қалалардың бірі. Мұнда Дендросаябақ, «Тәуелсіздік», «Жайлаукөл», «Қиял әлемі», «Абай», «Орталық», «Кең баба», «Жеңіс», тағы басқа саябақтар мен «Шәмші гүлзары», зообақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Аталған саябақ пен гүлзарлар тек қаланың көркін ғана ашып қоймай, сонымен қатар қаланың тазалығына, экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізіп отыр. Қазір үшінші мегаполис өнеркәсібі дамыған үлкен шаһарға айналып келеді. Ал бұл өндіріс ошақтары қаланың экономикасына зор үлес қосқанымен, қаланың ауа сапасын нашарлауына алып келеді. Сондай-ақ қазір Шымқалада  көліктердің де саны артып отыр. Әр көліктен шыққан түтіннің де экологиямызға тигізіп отырған зиянын ескерген жөн. Міне, сондықтан  саябақтар қаланың «өкпесіне» айналып отыр. 

Шымшаһар орталығында орналасқан үлкен, әрі әдемілігімен ерекшеленетін саябақтардың бірі - Абай саябағы. Саябақ Желтоқсан көшесі, Б. Момышұлы , Мәделі қожа жане Қ.Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл саябақ 1957 жылы құрылып қазіргі таңда 32 гектар ауқымды алып жатыр. Абай саябағында 91 орындық, 124 дана қоқыс жәшіктері, 18 ескерткіш , 1 субұрқақ және 119 шам болса, ал аяқ жолдары 98600 шаршы метрді құрайды. Мұнда ағаштардың жалпы саны 20750 гектарға  жуық , олардың қатарында Ясень, Туя, Межжевельник, Писсарда, Альбиция секілді ағаштар кездеседі.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қадағалауымен қазіргі таңда бұл саябақта күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіліп, қураған ағаштардың орны толықтырылып, жаңа ағаштар отырғызылады. Бүгінде саябақтың басқарма тапсырмасымен 91 дана орындықтары сырланып,  1480,31  гектар аумақта газон орылған.

 Алдағы уақытта қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жоспары бойынша Абай саябағына 200- ге жуық арша, 100 дана тікенді арша мен 400 жәй жапырақты ағаштар отырғызылмақ. 

Грант алғысы келетіндер көп-ақ...
«Металлург» саябағына
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу