Қоршаған ортаның тазалығы мамандардың бақылауында

Oinet.kz 09-10-2022 259

image.png

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда.  Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды.

Экологияның тазалығын сақтауға Шымкент қаласы да ауқымды істердің жасалғанын көруге болады. Үшінші мегаполисте мемлекеттік-экологиялық бақылау, экологиялық реттеу, зертханалық-талдау бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті жұмыс атқарылуда. Кәсіпорындардың ауаға зиянды шығарындыларын азайтуда талаптар қатаңдатылып, экологиялық талаптарды сақтамағандарға салынатын әкімшілік айыппұл көлемі артқан.

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті мамандарының айтуынша, 2022 жылдың 6 айында  департамент тарапынан 31 тексеру жүргізіліп, 139 әкімшілік іс қозғалған. Жалпы 41 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Қала, аудан прокуратурасы, аудандық полиция басқармалары, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жалпы 100 әкімшілік іс қозғалыпты. Шымкент қаласындағы бірқатар базарларда экологиялық заңнама талаптарының сақталуы тексеріліп, нәтижесінде 9 базар басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаңа экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, былтырғы жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін табиғат пайдаланушылардың санатын қайта өзгерту бойынша онлайн жұмыстар жүргізілуде.

Жол картасы экологиялық мәселелерді оңынан шешпек
«Жасыл қала» ұлттық жобасы нәтижесін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу