Шаһарда бәсекелестікке төтеп бере алатын кәсіпорындар жеткілікті

Oinet.kz 29-10-2022 458

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы  жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Мен Үкіметке бизнеспен бірлесіп, келесі бесжылдыққа арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын»  деген болатын. Жоба аясында ішкі нарықты 80%-дан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молайту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту көзделген. Экономиканың тірегіне айналып отырған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін республикада Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі ұлттық жоба әзірленген.

 Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарындағы  үшінші мегаполисте Президенттің тапсырмасы кезең-кезеңімен орындалып келеді.       Қазіргі таңда шаһарда жалпы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтер саны 52 болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған. Солардың бірі «SILK WAY SAYRAM»  және «TURAN Agroproduct»  агроөнеркәсіп кешендері де мал шаруашылығын жүргізіп отыр.  Шаһарда нарықта өзін дәлелдеген, бәсекелестікке төтеп бере алатын кәсіпорындар да жеткілікті. «SAIRAM CUT» АӨК солардың бірі. 80-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған нысан бүгінде сүт өнімдерінің жиырмаға жуық түрін өндіреді. 

 Ал өткен жылы мегаполисте  6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмыстарын  жандандыра түсті. Айталық  «Асия Агро», «Салиев Аскар агро», «Мейіржан агро», «NUR AGRO»  және  «Бек-Тас Шым»  агроөнеркәсіптік кешендері қаланың сүт өндірісін ұлғайтуға үлестерін қосып келеді. Аталған кооперативтерге мемлекет тарапынан субсидия беріліп, басқа да жеңілдіктер ұсынылған. 

Шымкенттік кәсіпкерлер мен шаруалар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайтып,  еңбек өнімділігін  арттыруды жолында тынбай еңбек етіп келеді. Себебі миллионды қалаға экономика мен қатар ауылшаруашылығын дамытып, ішкі нарықты сұранысы мол өнімдермен қамтамасыз ету аса маңызды. 

Тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт өндіреді
Шымқалада құс шаруашылығы жанданып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу