Ауылшаруашылығын субсидиялауда ақпараттық жүйе қызметіндегі кедергілер жойылды

Oinet.kz 11-04-2024 1125

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ауыл шаруашылығы саласында жүргізген сыртқы талдау шеңберінде кәсіпкерлердің өнімді терең өңдеу кезінде субсидиялауға өтінім беру процесінде орын алған кемшіліктер жойылды.

IMG-20240411-WA0039.jpg

Атап айтқанда, кәсіпкерлер өтінім беру кезінде тек бір шот-фактураны тіркеуге мүмкіндігі болған, бұл өтінімдер санының өсуіне және қызмет алушылардың уақытына ықпал етті.

Сонымен қатар, бұл жағдай шот-фактуралардың қайталануына және негізсіз субсидия алуға мүмкіндік беріп келген.

Берілген ұсынымдар нәтижесімен бір өтінім беру шеңберінде бірнеше шот-фактураларды тіркеу мүмкіндігі берілді және ақпараттық жүйелерде шот-фактуралардың қайталану тәуекелдері алынып тасталды.

Арыс қаласында экоакция аясында үй аулаларын тазарту жұмыстары жүрді
Түркістанда 8 мыңнан астам шаруа суармалы судың құнын субсидиялауға мүмкіндік алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу