«Заң және тәртіп»

Oinet.kz 06-06-2025 13

14.jpg 

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылау бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Түркістан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, жиынға облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары,  БАҚ өкілдері, оқу орындарының ректорлары қатысты.

Облыс прокуроры өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын арттыру – басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, кибершабуылдардың алдын алуға және заманауи қауіп-қатерлерге ден қоюға ерекше назар аударуды тапсырды.

Кеңес барысында IT –технологияларды қолдана отырып, құқық бұзушылықтарды жедел анықтайтын жобаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Прокуратура бастамасымен іске асырылып жатқан «Бұзушылыққа тоқтам», «Алаяқтан сақ бол», «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобалары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Прокурорлық фильтр», «Қылмыстар картасы», «Қамқор» жүйелерінің жұмысы туралы презентациялар көрсетіліп, анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берілді.

Кеңес қорытындысында  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтіп, жұмыс барысында озық технологияларды қолдана отырып цифрлық шешімдерді жетілдіру туралы шешім қабылданды.


Түркістан: Жаза өтеушілердің балаларына жолдамалар берілді
Түркістан облысында 16 браконьер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу