Тәшенев түлектеріне білім құжаты табысталды

Oinet.kz 06-07-2025 41

Қазақ даласында ағымдағы жылдың 4 шілдесі күмбірлеген әуенімен есте қалатындай рухани мереке болды.

1000387160.jpg

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың: «Домбыра – қазақ халқының жаны әрі мұрасы» дегеніндей, республика аумағында  мереке қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Осындай халқымыздың табиғи болмысын айшықтайтын айтулы сәтте Жұмабек Тәшенев университетінің бітіруші түлектеріне салтанатты түрде «жоғары білім», «магистр» дипломдары табысталып, ұстаздар мен шәкірттер, ата-аналар керемет күйге енді.

1000387158.jpg

Білім, ғылым жолындағы ізгіліке толы думанды шара Мархабат Байғұт атындағы жастар орталығының (Ақ үй) алаңы, ашық аспан астында өтті. Шара барысында «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ негізін қалаушы, Басқарма басшысы – ҚР ҰҒА академигі, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшұлының атынан оқу жылы ішінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген білім алушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

1000387156.jpg

Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Сейітжанұлы «үздік диплом» иегерлеріне білім құжатын табыс етіп,     3 мыңнан астам бітіруші түлектерге ақ жол тіледі, ата-аналарға қамқорлығы мен тәлімі үшін ұжым атынан алғыс білдірді. Университет проректорлары «магистр» дипломдарын, және факультеттер бойынша  «жоғары білім» иегерлеріне білім құжаттарын табыстап, өз тілектерін жолдады.

1000387153.jpg

Шара барысында бітіруші түлектер сөз алып, университет басшылығына білім алуға ыңғайлы бар мүмкіндіктерді жасағаны үшін, профессор-оқытушылар құрамына жоғары талап қоя білгені үшін өз ризашылықтарын жарыса білдірді. Сондай-ақ олар өздерінің ізін басып келе жатқан мектеп бітіруші іні-сіңілілерін осы жоғары оқу орнына түсуге шақырды. Мектеп бітіруші түлектерге осы жоғары оқу орнына оқуға түскен жағдайда, «Білім күні» қарсаңында университеттің екі бірдей жаңа оқу ғимаратының ашылу салтанатына куә болатындығын алға тартты.

1000387162.jpg

Думанды шара соңында ұл-қыздары «жоғары білім», «магистр» дипломдарын иеленіп жатқан ата-аналар өз пікірлерін білдіру үшін сахна төріне шығып, барша түлектерге өлшеусіз бақыт тіледі, Тәшенев университетінің жарқын болашағына сеніммен қарайтынын айтып, өз алғыстарын жаудырды.

Ғалымжан Битұрсын

 «Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ

Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму

жөніндегі проректор, Ұлттық Заң

академиясының корреспондент-мүшесі

1000387164.jpg

1000387165.jpg

1000387167.jpg

1000387169.jpg

1000387171.jpg

1000387174.jpg

1000387176.jpg

1000387178.jpg

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу