Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды

Oinet.kz 06-08-2025 41

image.png

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.

Бүгін қала әкімі Ғабит  Сыздықбеков  Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3  мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады. 

Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де  әлеуметтік маңызы бар  нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.

В Шымкенте в жилом массиве "Текесу" запустили систему водоснабжения
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу