Шалғай елді мекендер кең жолақты интернетке қосылды

Oinet.kz 12-10-2025 10

1681989732_news_file_4704_5beaf10d1da42.jpg

Түркістан облысында шалғай елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты  Жолдауын әлеуметтің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдану арқылы шешуге бағыттады.

«Jusan Mobile» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша директоры Нұрбол Баураевтың айтуынша, бүгінгі күні Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы және «Jusan Mobile» АҚ арасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде байланысы мүлдем жоқ елді мекендерге ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалану көзделген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» екенін айтып, ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керектігін тапсырған болатын. Ал биылғы Жолдауларында Президентіміз елдің цифрлық теңсіздігін жоюды, барлық азаматты сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы тапсырма аясында облысымыздың шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – дейді Нұрбол Баураев.

Бүгінгі күні мұндай жұмыс Келес ауданының Тартоғай елді мекенінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында заманауи OneWeb спутниктік жүйесі орнатылып, іске қосылды. Аталған жүйенің іске қосылуы нәтижесінде 15 үйде тұратын 118 тұрғын енді сапалы әрі тұрақты интернет желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл жоба Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Jusan Mobile» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

OneWeb спутниктік байланысы арқылы енді Тартоғай ауылының тұрғындары онлайн білім алу, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта пайдалану, және интернет арқылы кәсіп ашу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ мұндай мүмкіндік кешегі күні Отырар ауданының Қостерек елді мекенінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында қоғамдық Wi-Fi интернетін тарататын заманауи OneWeb спутниктік жүйе станциясы орнатылып, іске қосылды. «Jusan Mobile» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша директоры Нұрбол Баураевтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша байланысы жоқ және мүлдем төмен Арыс қаласының Бұлақ, Ақтас, Дарбаза және Қазығұрт ауданының Өгем, Келес ауданының Тартоғай, Түлкібас ауданының Иірсу, Шардара ауданының Құйған, Отырар ауданының Қостерек ауылдарында заманауи OneWeb спутниктік жүйесін орнатып, қоғамдық Wi-Fi интернеті жергілікті тұрғындардың қолдануына берілген.

Облыстық әкімдік және оператор арасында атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғыны Сындарқұл Арғынбай өз пікірін білдіріп, ігі істің басында жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Атап өтерлігі, алдағы қараша айында жеке инвестор есебінен базалық байланыс станциясы іске қосылмақ. Аталған байланыс станциясы арқылы ауыл тұрғындары толық қолжетімді байланыспен қамтылатын болады.

Шардара: Жаңа техникалар берілді
Шардара: Күзгі жиын-терін жұмыстары жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу