Мақтаарал аудандық ауруханасының мемлекеттік сатып алуында кемшіліктер анықталды
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласына кезекті камералдық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында «Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жариялаған №16059117-1 сатып алу рәсімі қаралды.
Камералдық бақылау нәтижесінде техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарларға қатысты ақпарат толық көрсетілмеген, соның ішінде жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы талаптар орындалмағаны анықталған.
Заңнамаға сәйкес, тапсырыс берушілер баға ұсыныстарын сұрату рәсімінде техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде барлық қажетті стандарттарды көрсетуге міндетті. Бұл талаптар сатып алынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін мекемеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде хабарлама жолданды.
Қазіргі таңда мекеме департаменттің хабарламасын толық орындап, қажетті түзетулерді енгізген.
Мұндай бақылау шаралары мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыруға және заңбұзушылықтардың алдын алатыны анық.


