Таразда атпен жүрген бала көлікпен соқтығысқан
Таразда атқа мінген бала жеңіл көлікке соғылып ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Оіnet.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 6 сәуір күні , жол қиылысында болған.
Сегіз жастағы бала ат тізгініне ие бола алмай, Toyota автокөлігінің артқы бөлігіне соғылған. Қатты соққыдан ат оқиға орнында өлген. Ал бала бірнеше метрге ұшып, асфальтқа құлаған.
Куәгерлердің айтуынша апат болардан бірнеше минут бұрын ат бір жамандықты сезгендей, қатты қорыққан.
Балаға жедел түрде операция жасалды. Дәрігерлер оның иық сүйегінің сынғанын анықтады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова балалардың қауіпсіздігіне жауапты ересектердің бақылауының болмағанын атап өтті. Осыған байланысты ата-аналарына жауапкершілік жүктелді.


