Департамент халықпен тұрақты диалог орнатуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті халықпен ашық диалогты нығайту және коммуналдық қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында тікелей эфир форматында қоғамдық қабылдау өткізді.
Іс-шара департамент басшысының орынбасары Нұрбол Көкенов тарапынан Facebook парақшасында ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – уәкілетті орган қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ жылу, су, электр энергиясы және газбен жабдықтау салаларындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша халықпен тікелей байланыс орнату болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың құқықтарын қорғауға, тарифтік саясаттың түсінікті болуына және коммуналдық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің өкілдері, департамент мамандары және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты. Жалпы жиынға 7 адам қатысып, коммуналдық саладағы қызмет көрсету тәртібі мен тарифтік реттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан нақты өтініштер мен сұрақтар түскен жоқ. Дегенмен, мамандар тұрғындарға табиғи монополиялар саласындағы тарифтердің қалыптасу тәртібі, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және қызмет сапасын бақылау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл ретте департамент қызметінде ашықтықты арттыру, шешім қабылдау процестерінің жариялылығын қамтамасыз ету және халықпен тұрақты кері байланыс орнату – басты басымдықтардың бірі екені атап өтілді.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында тарифтік реттеу процестерін цифрландыру, ашық есептілік жүйесін енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту шаралары жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар мемлекеттік органдар қызметіндегі адалдық пен әділдікті нығайтуға ықпал етеді.
Департамент алдағы уақытта да табиғи монополиялар саласындағы мәселелер бойынша халықпен ашық форматтағы кездесулерді, қоғамдық қабылдауларды және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың коммуналдық қызмет сапасына деген сенімін арттырып, әлеуметтік тұрақтылық пен ашық басқару қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.


