Балғынбек Имашев пәтер жағалап жүр

Oinet.kz 10-02-2026

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазір баспанасыз жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

image.png

Ақынның сөзінше, қарызынан құтылу үшін өзіне тиесілі барлық мүлкін сатуға мәжбүр болған.

«Қазіргі таңда баспанам жоқ. Қарызды жабу үшін үйімді де, көлігімді де саттым. Жеті балам бар, келін түсірдік, анам бар – барлығымыз жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз. Алайда мұны трагедия деп қабылдамадым. Дүние – келеді де кетеді, ол мен үшін басты құндылық емес», – деді Балғынбек Имашев.

Айтыскер ақын мұндай шешім қабылдауына қоғам тарапынан айтылған ауыр сөздер де әсер еткенін жасырмады.

«Кейбір адамдар “сенің кесіріңнен қарызға кіріп кеттік”, "қажылыққа деген соңғы ақшамызды балаң үйтті-бүйтті” деген сияқты ауыр сөздер айтты. Өзіңнің адал екеніңді білсең де, мұндай айыптаулар адамға оңай тимейді», – деп түйіндеді ол.

«Үйде жалғыз» фильмінің жұлдызы қайтыс болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу