Түркістанда туристерге қызмет көрсететін "Сапар орталықтары" ашылады

Oinet.kz 01-10-2019 675

Screenshot_10.jpg

Туристерге қызмет көрсету - қазіргі таңда өте өзекті болып келе жатқан сала. Туризм арқылы ел экономикасын мықтап көтеруге болады. Бүгінде көптеген елдер жалғыз туризммен-ақ экономикасын қарыштап дамытып жатыр. Сондықтан да олар ең бірінші кезекте туристерге сапалы қызмет көрсететін орталықтарды көптен салуда. 

Мұндай қызмет көрсету орталығы Қазақстанда да салына бастады. Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы) іске асыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК «Гауһар ана кесенесі (ХІІ-ХIVғғ.)» және «Сауран қалашығы (XIII-XVIIIғғ.)» тарихи-мәдени мұра ескерткіштері аумағында 2019-2020 жылдары туристерге қызмет көрсету үшін «Сапар орталықтарының» құрылысы жоспарланып отыр.

«Сапар орталықтарында» туристерге сапалы қызмет көрсету үшін көрме залдарын орналастыру мен экскурсия қызметін ұсыну жоспарланған. "Сапар орталықтарының" Түркістанда салынуы өте маңызды шешім. Себебі, Қазақстандағы ең көне тарихи ескерткіштер көбіне Түркістан қаласында орналасқан. Мұнда әртүрлі дәуірлерден сыр шертетін құнды жәдігерлер көптеп табылуда. Дүниежүзінің туристері Түркістанға жылдан-жылға көптен саяхаттауда. Туристер Түркістан қаласының экзотикасына әуес екендерін жасырмайды. Сондықтан да Түркістанды туризм орталығына айналдыруда әлі де көптеген жұмыстар атқару өте маңызды.


Түркістанда арнайы мамандар жәдігерлерді сақтау туралы тәжірибелерімен бөлісті
Туристерге шығыстық үлгідегі нысандар таңсық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу