Түркістандық жастар демалыстарын тиімді өткізеді

Oinet.kz 03-10-2019 712

Screenshot_33.jpg

Түркістан қаласы жастарының арасында спорттың 4 түрі бойынша әр сенбі-жексенбі күндері командалық жарыс өткізіледі. Басты мақсат достық қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыту.

Шаһар аумағы енді «IASSY» және «13 AIMAQ» тобына бөлініп тұрақты түрде футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисінен топтық сайысқа түсетін болады. Спартакиаданың ашылуында мәлім болғандай екі спорттық клубқа қалалық мәслихат депутаттары Мұхаммедәлі Қорғанбаев пен Алтынбек Кенжалиев жетекшілік етеді.

Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда өтіп жатқан футбол сөзімізді қуаттай түседі. Теңбіл доп аламанына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов облыс орталығының жастарына бұл жаңа форматтағы бастама ерекше серпін береріне сенім білдірді. Мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исабаев спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен «IASSY» және «13 AIMAQ» клубтарының арасындағы аяқ доп додасы тартысты ойын нәтижесімен тең дәрежеде аяқталды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Айдарбеков «алдағы уақытта жарыс аясын кеңейтіп, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрін насихаттауды көздеп отырмыз» – дейді.

Screenshot_35.jpg

Құпиясы ашылмаған кесенелер жұмбақтығымен туристерді өзіне тартады
Түркістанда адам денсаулығы басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу