«Әйеліме ешқашан қол көтерген емеспін»: Бишімбаевтың әкесі ұлын қалай тәрбиелегенін айтты

Oinet.kz 27-04-2024 2636

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен күдікке алынған Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев алғаш рет көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында ол отбасындағы тәрбие туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол ресейлік психолог Наталья Грейске берген сұхбатында мәлімдеді. 

Screenshot_8.jpg

"Әйелім екеуміз ұрысып қалатын, үйде ыдыс-аяқ сылдырайтын кездер болып тұрды. Бірақ мен әйеліме ешқашан қол көтерген емеспін. Ұлымыз Қуандыққа мүлде қол көтермедім. Біздің отбасымызда осындай тәрбие болды. Қуандық біздің махаббатымызға бөленіп өсті. Оған біз Қуандық деп есім қойдық. Себебі ол біздің отбасымызға қуаныш алып келді", - деді Бишімбаев. 

Альмира Бишімбаева күйеуінің сөзін растады. 

"Біздің отбасы дәстүрді сақтады. Мен ата-енемнің қолында болдым. Отбасымыз үлкен болды. Дастарханға отырғанда 12 адам отыратынбыз" - деді Бишімбаевтың анасы. 

«Келінім жұмыс істемейтін»: Бишімбаевтың анасы келіні туралы өз шындығын айтты
Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлы туралы сұрағанда жылап қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу