Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлы туралы сұрағанда жылап қалды (видео)

Oinet.kz 25-04-2024 8935

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен күдікке алынған Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева алғаш рет көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында ол отбасындағы тәрбие туралы пікір білдіріп, ұлы жайлы айтқанда жылап қалды. Бұл ресейлік психолог Наталья Грейске берген сұхбатында орын алды. 

Screenshot_11.jpg

"Ұлымды ана ретінде қолдан келгенше қолдап-қорғаштап жатырмын. Бұл жайттың бәрі үлкен трагедия. Салтанаттың ата-анасын да түсінемін.  Әлеуметтік желілерде де қаншама сөздер жазылып жатыр. Мен ұлымды қатты жақсы көремін. Ұлым қатігез болған жоқ. Ол жауапкершілігі мол, әділетті адам еді. Ол бізді, ата-анасын қатты құрметтеді. Әкесі ауырып қалғанда шарқ ұрып жүріп дәрігерлер тауып, әкесін емдеді. Қуандық біздің подьезде тұрды. Ылғи жанымыздан табылды", - деп жауап беріп отырып еріксіз жылады. 

«Әйеліме ешқашан қол көтерген емеспін»: Бишімбаевтың әкесі ұлын қалай тәрбиелегенін айтты
Тоқаевтың сенбілікке киген кроссовкасының бағасы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу