Түркістанда "Айка" фильмінің көрсетілімі өтті

83908362-073b-4a38-b644-09f91f0a5355.jpg

Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Айка» толықметражды психологиялық драмасының көрсетілімі өтті.

Шараға  71-ші Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған бас кейіпкер Самал Еслямова мен туындының режиссері Сергей Дворцевой арнайы келіп, көрерменмен қауышты.

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Б.Әбдірәсілов облыс әкімінің атынан сый-сыяпат жасап, қонақтарға жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді.  

Өз кезегінде туынды режиссері Сергей Дворцевой жүрекжарды лебізін жеткізіп, алты жылға созылған түсірілім барысын баяндады. Таспалау кезіндегі қиындықтармен бөлісіп, өз рөлін мінсіз ойнап шыққан актрисаның шеберлігін атап өтті.

Айка образын сомдаушы Самал Еслямова тағдыры ауыр қырғыз қызының рөлі оңайға соқпағанын айтып, болашақтағы жоспарларын ортаға салды.  Келген көрерменнің сұрақтарына жауап беріп, БАҚ өкілдерімен жүздесті.

Айта кетейік, оқиға желісіне Мәскеуде жұмыс істейтін қырғыз әйелінің әлеуметтік жағдайы арқау болған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: