Түлкібас аудандық ауруханасында заманауи қабылдау бөлімі ашылды

0b60ae16-e0ff-4bb8-9942-38cf3b18961e.jpg

Аудан тұрғындарына қолжетімді медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында аудандық аурухана ғимаратында заманауи қабылдау бөлімі ашылды. Қабылдау бөлімі тираж жүйесі арқылы іске асып отыр. Жүйе науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімінде заманауи тіркеу орны, сары, жасыл, қызыл зоналары жасалынды. Сонымен қатар кіші операциалық , айелдер көру, балалар көру, жұқпалы аурулар, санитарлық өткізу бөлмелері және күту залымен қамтылған. Науқастарға жедел көмек көрсету үшін УЗИ мен ЭФГС бөлмелері қабылдау бөлімінің ішінен ұйымдастырылып, зертхана жақындастырылды.

Сондай-ақ, жаңа қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерді заманауи SOS қондырғысы арқылы шақыра алады. Науқастардың ауру тарихтары толық электронды түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы аудан аумағында елді мекендер тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 150 млн. теңгеге Жаңаталап, Сарытөр медициналық тіректері күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Ал Шарафкент, Көкбұлақ, Еңбекші ауылдарындағы медициналық тіректеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2019 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: