Көз айналасы терісіне арналған кремді таңдау

image_l (7).jpg

Көз айналасындағы тері беттің ең нәзік бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, көз айналасында май бездері жоқ десе де болады, сондықтан ол жылдам тозып, алғашқы әжімдер сол жерге шығады. Әжім қатты көбейіп кетпес үшін косметологтар көз айналасына ерекше күтім жасап, крем жағуды ұмытпауды ұсынады. Көз айналасы терісін ылғалдандыратын сапалы кремді қалай таңдау керек? Құрамына мән беріңіз. Көз айналасы терісіне арналған кремді сатып аларда оның құрамына мән беріңіз. Кремде парабен, хош иістендіргіштер, SLES, SLS болмауы керек. Бұл ингредиенттер мәселені ұлғайтып, тері сезімталдығын жоғарылатады. Ретинолы (А дәрумені) мен С дәрумені бар кремді кейінге қалдырыңыз. Иә, кремде бұл заттардың болуы бет терісіне жақсы әсер береді, бірақ көз айналасы терісіне емес. С дәрумені мен ретинол өте агрессиялық заттар, сондықтан оны көз айналасының нәзік терісіне қолданбаған жөн. 

Кремді қажеттілігіне сай таңдаңыз. Егер жасыңыз 25-те болса, жасы ұлғайғандарға арналған крем таңдаудың қажеті жоқ. Жас теріге косметологтар ылғалдандыратын, қоректендіретін және энергия беретін жеңіл сергіткіш гель таңдауды ұсынады. Жасы 40-тан асқандарға гиалурон қышқылы, пептид және мырышы бар көз айналасы терісіне арналған крем таңдау керек. Әжімге қарсы крем көз астының қараюына көмектеспейді. Егер көз астының қараюы секілді мәселе мазаласа, құрамында К дәрумені және пептиді бар крем таңдаңыз.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: