Шәмшидинованың да мәселе шешетініне күмән бар

9476695.jpg

Соңғы кездері білім саласындағы реформаларға көпшіліктің көңілі толмай жүргені рас. Дегенмен Білім және ғылым министрлігінің тізгінін Күләш Шәмшидинова алғалы бұл бағытта біраз жағымды жаңалықтардың пайда болды.

«Түркістан» басылымы Тәуелсіздік алғалы білім министрлігін басқарған 15 азаматқа тоқталып, әр министрдің кезінде нендей реформаларды жүргізгеніне, оның қандай нәтиже бергеніне тоқталыпты.

Мақалада Білім  министрлігінің бұрынғы қызметкері Ерсайын Ерқожа қазіргі министр Күләш Шәмшидинова туралы мынандай пікір білдіріпті:

Ш.Шаяхметовтен бері 15 министр тағайындалды. Жаңа министрден де аса ештеңе күтпеймін. Білім саласында қызмет істеп жүргенде де ашық пікір айтып, кемшілікті түзетуге дайынбыз дегенді айтқан емес. Қысқасы, шешуге тырысқан жоқ. Алайда министр болғалы айтқан ұсынысының бәрі құлаққа енеді. Мысалы, үштілділікке, материалдық-техникалық базаға, тестілеуге байланысты дұрыс пікір айтты. Бірақ оны орындау жағына күмәнім бар. Себебі, оның айналасындағылар білім саласының баспалдағынан өтпегендер. Маман жоқ жерде білім саласын түзеу мүмкін емес. Екіншіден, кез келген мәселеге дайындықпен кірісу керек. Мысалы, Шәмшидинова министрдің орынбасары болып жүргенде талай мәселені айттық та, жаздық та. Бірақ бірде біріне жауап қайтарған жоқ. Оқулықта 1998 жылдан бастап қате кете бастады. Соны бұл кісінің толық түзеуге мүмкіншілігі болды. 12 жылдыққа көшу мәселесі де сол кезде көтерілді. Оған мұғалімдер тапшы, материалдық-техникалық база, көрнекі құралдар дайын еместігін айта алмады. Меніңше, Шайсұлтан Шаяхметов пен Ережеп Мәмбетқазиевтен басқалары білім саласын құлдыратып жіберді.  

Айта кетейік, Күләш Шәмшидинова 2007-2009 жылдар аралығында білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарған.

Дереккөзі: turkystan.kz.

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: