Әлтаевтың тілі де, тірлігі де түзелмей тұр

      Screenshot_5.jpg 

ОҚО әкімдігінің  кезекті мәжілісінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Нұржан Әлтаев өңірдегі кәсіпкерлік саласының даму барысы жайлы  есеп берді. Баяндамасын  орысша оқып шыққан басқарма бастығына жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің міндетін атқарушы Берік Оспанов қазақ тілінде сұрақ қойды. Әлтаевтың әуелі ана тілінде жауап бере бастап, артынша ресми тілге қайта ауысқанын түсінбедік. Қазақша білмесе мейлі-ау, сөйлей алатын болса да әдейі ана тілін аяққа таптауы, өзі мемлекеттік қызметтің қызығын көріп жүріп осыдан 10 жыл бұрын қазақша құжат жүргізуге көшкен облыста мемлекеттік тілге мұрнын шүйіре қарауы асқандық па, тасқандық па?  «Әлтаев жиында қазақша тәп-тәуір сөйлей алады екен» деп көпшіліктен сүйінші сұрағанымызға көп болмаған  еді, алайда бұл қуанышымыз ұзағынан сүйіндірмеді. Тірлігінде де кемшіліктер жетіп артылады екен.  

- Жуырда Үкімет өткізген селекторлық жиында Экономика және сауда  министрі  облысымыздағы кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін келтіре кетті. Сонда алғашқы тоқсан бойынша біздегі жалпы өңірлік өнімдегі  шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі былтырғыға қарағанда 98 пайызды құрап отырғаны айтылды. Мен бұған  қатты таңқалдым. Ол қалай? Былтырмен салыстырғанда неге 2 пайызға азайған? Сіз келтірген мәліметтермен неге сәйкес келмейді?, - деп Берік Серікұлы сұрақты қабырғасынан қойды. 

     Өз баяндамасында өңіріміздегі кәсіпкерліктің керемет өркендеп жатқанын  мақтанып мәлімдеген Әлтаев бұл сұрақа бастапқыда тосылып қалды. Артынан  «министрліктегілер қателесіп отырған шығар» деп ақталуы ақылға қонатын тірлік пе? «Ауыспалы семинарларды жеке өзіңіз қай аудандарда, қанша рет өткіздіңіз?» деген сұраққа да нақты жауап бермей, «кәсіпкерлер біледі ғой, барлық дерлік аудандарға барғанбыз» деп жалпылама жауаппен жалтарды.  

       Мәселенің түп төркініне тереңірек үңілу керектігін түсіндірген облыс әкімінің міндетін атқарушы Берік Оспанов «басқарманың жұмысында  әлі де баяулық бар. Алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша бірқатар ескертулер айтылған. Былтыр облыс бойынша игерілмеген ақшаның басым бөлігі кәсіпкерлік басқармасының  есебінен болды» деп ойын ашық айта келе инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруда өткен жылғы кемшіліктер орын алмауы тиістігін қатаң тапсырды.  Нәтижесі қалай боларын уақыт көрсетер. Әзірге Әлтаевтың тілі де, тірлігі де түзелмей тұрғаны өкінішіті-ақ. 

   Oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: