Ерлер ме әлде әйелдер ме: Оқшаулаудың қиындықтарына кім төзімдірек келеді

Oinet.kz 22-04-2020 1117

Ресей ғылым академиясы биомедициналық мәселелер институтының бөлім меңгерушісі Александр Суворов ерлер мен әйелдердің қайсысы оқшаулаудың қиындықтарына төзімдірек келетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

image.png

Медицина ғылымдарының докторы қиындықтарға төтеп беруде ерлер мен әйелдердің айтарлықтай ерекшелігі жоқ екенін жеткізді. 

"Менен ерлер мен әйелдердің қиындықтарға төзімділігінде айырмашылық бар ма деп сұрап жатады. Іс жүзінде ондай айырмашылық жоқ. Ол әр адамның жеке психологиялық ерекшелігіне байланысты болады", – дейді академик. 

Александр Суворов оқшаулау бойынша ұзақ мерзімді "Сфинкс", "Марс-500" ғылыми тәжірибелерін ұйымдастырушылардың бірі болған. Сондай-ақ, Айға ұшуды имитациялау бойынша SIRIUS тәжірибелер кешеніне қатысқан.

 Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мамыр айында карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шаралар қолдануды жалғастыра береді.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу