Елімізде жұмыссыз жүрген ер адамдар азайып, әйелдер көбейген

Oinet.kz 01-12-2022 828

Биылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыз жүрген 72,2 мың жас бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Finprom.kz зертетуінше, бүгінде жұмыссыз ерлер саны 28,1%-ға азайып, 25,4 мың адам болған. Ал жұмыссыз жүрген әйелдер, керісінше, 10,9%-ға өсіп, 46,8 мың адамға жеткен.

Сонымен қатар жұмыссыз жастардың саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.

«Жұмыссыздардың басым бөлігі Алматыда тұрады – барлығы 12,5 мың адам. Сондай-ақ Астана қаласы (7,8 мың адам) мен Түркістан облысы (6,7 мың адам) да жұмыссыздар қатары көп өңірлер тізімінің үштігіне еніп тұр. Ал жұмыссыз жастары ең аз өңір Ұлытау облысы (665 адам) болып отыр. Одан кейінгі орында Атырау облысы (1,4 мың адам) мен Солтүстік Қазақстан облысы (1,5 мың адам) орналасқан», - дейді сарапшылар.

Осы жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыссыздардың басым бөлігі бір айдан үш айға дейін жұмыс іздеген – 20,9 мың адам.

29 жасқа дейінгі азаматтардың ішінде бір айдан аз уақыттан бері жұмыс іздеп жүргендер саны 16,4 мыңға жеткен.

«Жұмыссыз жастардың 18,5 мыңға жуығы үш айдан алты айға дейін, 7,5 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 8,8 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеп жүр», - делінген зерттеуде.

Бу арқылы жылытып жатырмыз: Екібастұздың қазіргі ахуалы
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу