2027 жылы Түркістан Ислам әлемнің мәдени астанасы атанады

ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде айтты.
«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Президент саммитте.


