Ауруханадан шығып іс-түссіз жоғалған азаматқа іздеу салынуда

Oinet.kz 03-11-2021 735

Алматы тұрғыны Ерік Алғожаевқа туған-туысқандары іздеу салуда. 51 жастағы азаматтан бір айдан бері хабар жоқ, деп хабарлайды Oinet.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

image.png

Жақындарының айтуынша, Ерік Алғожаев 6 қазанда №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқан. Алайда үш баланың әкесі екі күннен кейін өзі қолхат беріп, ешкімге тіс жармастан белгісіз бағытта кетіп қалған. Оның аурухана ғимаратынан құр жейдемен шығып бара жатқан сәті бақылау камерасына жазылған. Үстіне қара күртке киген Ерік Алғожаевты Түрксіб ауданында көргендер де бар екен. Дегенмен туысқандары одан әлі хабар ала алмай отыр. 

- Ауруханаға тырысқақ ұстап түскен. Өзі сонымен ауыратын. Екі-үш рет қайталанғаннан кейін жедел жәрдем шақырып жатқыздық. Есін жоғалтып, ешқашан бүйтіп кетіп көрген емес. Бірінші рет болып отыр. Өзі ескертпей кетіп қалғанның өзінде екі-үші сағаттан соң қайтып келетін. Бір күн де бұлай жоғалған емес - дейді Ерік Алғожаевтың жары Эльмира. 

Шарасыз отбасы егер жақынын көрген-білгендер болса, +7 701 375 92 91 нөміріне немесе полицияға хабарласуды сұрайды. Қазір іздеу тобына еріктілер қосылған. 

- Іздеу тобы түскен ақпараттардың бәрін саралап, жан-жақты жұмысқа кірісті. Айнбұлақ ықшамауданында, сосын базар маңында көрдік деген қоңырау түсті. Әзірге нәтиже жоқ. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша іздеу парағын тараттық. Түрлі әлеуметтік желіні іске қостық. Тұрғындар бейжай қарамай, көмектесуін сұраймыз - дейді ерікті Анна Лейменова. 

Аймағамбетов оқу орны басшыларын сынға алды
5 жастан бастап вакцина салу мақұлданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу