Әскерилердің өлімі бойынша 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Oinet.kz 06-11-2026

Screenshot_8.png 

Каспийдегі әскери қызметшілердің өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бұл іс бойынша 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан аса сараптама жүргізілген.

Күдіктілер қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деп айыпталып отыр. Қамауға алынғандар арасында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, бөлім командирлері мен катер капитаны бар.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін іске қатысы бар адамдар қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.

Істің барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында


Партиялардың бетпердесі шешілгелі тұр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу