Болатбек Әлиев жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 06-11-2026

857715725_28755245900809449_1920864404433177159_n.jpg 

Уақтысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған, Мәжілістің соңғы шақырылымның депутаты Болатбек Әлиев Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқаруда. Ол бұл туралы фейсбуктегі парақшасында жазды.

-- Мемлекеттік қызметте, оның ішінде саяси қызметте, кәсіпкерлікте, басқару ісінде және Мәжіліс депутаты ретінде жинаған тәжірибем бар. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өңірлерді дамыту, көлік пен логистика мәселелерін іс жүзінде білемін.

Серік Мақашұлымен бұрыннан таныспыз. Ол менің ауыл шаруашылығындағы жобаларымды, кейін депутат ретінде атқарған жұмысыма өте қанық.  Кеңесші болуды ұсынғанда, Серік Мақашұлы осы тәжірибемді Үкімет жұмысына пайдалануға болатынын айтты. Мен келістім. Бұл жұмысты қоғамдық негізде атқарамын, жалақы алмаймын. Қазір мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарап, олардың халыққа және кәсіпкерлерге қалай әсер ететіні туралы пікірімді айтып және өз сараптамаларымды ұсынудамын. Өзім білетін кәсіби салалардың чемпиондарымен келісіп, қажет жерде альтернативтік шешімді көрсетемін. Мақсат — мемлекеттің мүддесін сақтай отырып, халыққа да, кәсіпке де пайдалы жол табу,-деп жазған Болатбек Әлиев.


Әскерилердің өлімі бойынша 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу