Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: Жүргізуші қаза тапты

Oinet.kz 19-11-2026

Шымкентте жол апатынан кейін бензин таситын көлік аударылып, өртеніп кетті. Құтқарушылар көлік кабинасынан қаза тапқан ер адамның мәйітін тапты.

Screenshot_5.jpgҚайғылы оқиға 18 қараша күні Тұран ауданы Ташкент тасжолында болған. Құтқарушыларға өрт туралы хабар сағат 15:58-де түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген шақырту тәртібімен жіберілген.

Құтқарушылар жеткен кезде аударылған бензовозды түгел жалын шарпыған. Өрт жолға төгілген жанармайға да жайылған.

“Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде жол апатынан аударылған бензовоз түгелдей отқа оранған. Төгілген жанармай да тұтанған. Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Көлік кабинасынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды”, – деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір полиция қызметкерлері адам өліміне әкелген жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Әйелді өлтіріп, іздеуге өзі қатысқан: Теміртаудағы қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу