Сәуле Әбілдаханқызы тек әйелдерден тұратын «Ақжүніс» партиясын құрмақ

Oinet.kz 16-03-2022 1452

Танымал тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы әйелдерге арналған "Ақжүніс" партиясын құрмақ. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_16.jpg

"Ақжүніс" әйелдер партиясын құрамын!!! Барлық қазақ әйелдері, бірігіңдер!

Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз!

2-3 жыл бұрын қоғамдық бірлестігімді тіркейтін мекенжай таппай, қырық туыс, жүз досқа жалынып, "зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын" деп, ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім.

Әйелдер партиясын пропискаға қоятын адам табыла ма екен?" - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Алматы облысының әкімі Президенттің ұсынысын қолдады
Жолдауда маужырап, ұйқысырап отырған әкімдер назарға ілінді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу