Қазақстанда оқушылар арасында 104 бала коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 30-09-2020

Қазақстанда оқушылар арасында 104 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысы кезінде мектеп оқушылары арасында вирус жұқтыру динамикасына тоқталды. Қазақстанда кезекші сыныпқа барып жүрген 33 бала, қашықтан оқып жүрген 71 балада вирус белгілі болды.

"Мекеп оқушылары арасында вирус жұқтыру мәселесіне тоқталғым келеді. Оқу жылы басталғалы бері оқушылардың арасында 104 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың ішінде кезекші мектепке баратын 33 бала бар. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 550 адам тіркелді. Олардың арасынан 7адамда коронавирус анықталды. Қашықтан оқып жатқан 7 балада коронавирус белгілі болды. Олармен байланыста болған 240 адам тіркеліп, 15 адам вирус жұқтырған", - дейді Алексей Цой.

Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×