Бердібек Сапарбаев өмірден озды

Oinet.kz 10-06-2023 1117

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев өмірден озды.

Screenshot_1.jpg

Суық хабар туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазылып жатыр.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Бердібек Машбекұлы түрлі жылдары ҚР Министрлері кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Премьер-министрдің орынбасары, Ақтөбе облысының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

Әйелі жеңіл босану үшін перзентхана алдында намаз оқып жатқан отағасы елді таң қалдырды (видео)
Аналары 50-жасқа толғанына орай балалары су жаңа көлік алып берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу