Танымал продюсер жетінші қызына патшаларға тән есім қойды
Танымал қазақстандық продюсер Жан Мұқановтың отбасында үлкен қуаныш. Мұқановтың жетінші перзенті дүниеге келді.

"Бүгін сағат 10:19-да осы қасиетті айда, әлемдерді Жаратушының қалауымен қызды болдым. Оның тегі Жан болады, ал есімін Ханзада деп қойдық. Жан Ханзада, қызым, менің ханшайымым, осынау бір керемет әлемге қош келдің", – деп жазба қалдырды продюсер желідегі парақшасында.


