Алматы облысында 33 мың доллар пара алған мекеме басшысы сотталды

Oinet.kz 06-06-2022

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Screenshot_2.jpg

«Тергеу мәліметтері бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің хабарламасында.

ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Тоқаев қазақтардың шетелге заңсыз шығарған қаражатын қайтару үшін комиссия құрды
Қоянбаев Қазақстан туын елдегі ең биік ғимаратқа көтерді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×