Алматы қаласында жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылып жатыр

Oinet.kz 20-10-2025 45

Алматы прокуратурасы 72 га жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Алматы қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізген.

Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталған, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.

2025 жылғы 16 шілдеде прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырған.

2 қазанда апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырған.

Осылайша, құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған.


«Үш қызы бар, әйелі қатты науқас»: АҚШ-та екі қазақстандық жүргізуші ұсталып, қамауға алынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу