Дархан Сатыбалды жаңа тағайындау жасады
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша, Алматы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол - гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Бұған дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған. Және бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды.