Төрт ай күткен басшы тағайындалды

Oinet.kz 22-10-2025 65

images-1.jpg

Өткен аптада Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл кресло шілденің басынан бері бос тұрған. 

Бұрынғы басшы, қаланың медициналық мекемелерін біраз шулатқан Нұрлыбек Асылбеков  Қазақстандағы дәрі-дәрмек саудасын уысында ұстаған «СК Фармация» мекемесінің басшысы болып кетті. Құзырлы органдар өткен аптада ғана «СК Фармация» басшылығының үстінен қазына қаржысын талан-таражға салды деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жария етті.  Бұл іске басшы болып барғанына төрт ай да толып үлгермеген Асылбековтің қатысы жоқ шығар, әрине. Бірақ кейбір пікірлерге қарағанда ол осы мекеменің соңғы басшысы болуы әбден мүмкін. Өйткені тиімсіздікке байланысты «СК Фармация» таратылып, дәрі-дәрмек сатып алу жергілікті әкімдіктерге беріледі деген ақпарат бар... Шымкентке қайта оралайық.

Асылбековтің орнына өткен аптада Қайрат Қалыбеков тағайындалды. Мамандығы бойынша дәрігер, экономист. Еңбек жолын қарапайым дәрігерліктен бастаған. Уақтысында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған. Жаңа қызметіне дейін Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымын атқарған. Бір сөзбен айтқанда мегаполистің бас дәрігері болғанға дейін барлық баспалдақтан өткен, білімі де, біліктілігі де талас тудырмайтын кадр. Денсаулықты дәрігер емес маманның басқаруы мүмкін емес, шығар сірә. Ал, медицинаға қатысты дәл осындай таным-түсініктің, талаптың, критерийдің білім саласына неге жүрмейтіні түсініксіз. 

Дархан Сатыбалды жаңа тағайындау жасады
«Ордабасыны» Сейітжанов сатып ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу