Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жұмыс уақытысында орынбасарымен жаға жыртысып, жарақат алды. Полиция «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.
Qrnews.kz сайтына сүйенсек, спорт саласының басшылары арасында жанжал 21 қаңтар күні кешкісін Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Бокстан Олимпиада чемпионы орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Сәпиев дене жарақатын алған. Жәбірленушінің жарақатының қаншалықты ауырлығын енді сот-медициналық сараптамасы анықьтайды.
Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Құзырлы органдар барлық мән-жайды тексеріп жатыр.


